2019 жылғы 26 сәуірде Зеренді ауданының Чаглинка орта мектебінің ресурстық орталығы базасында «Ресурстық орталық – білім сапасын арттыру» облыстық аймақтық семинар өтті.
Семинарға Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы К.А.Бекбай, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Р.Б.Баганалинова, аудандық әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, шағын жинақты мектептерге жетекшілік ететін мамандар, Бурабау, Бұланды, Біржан сал және Зеренді аудандық ресурстық және магниттік мектептерінің директорлары мен мұғалімдері қатысты. Барлығы семинарға 30 педагог қатысты. Семинардың негізгі мақсаты облыстағы ресурстық орталықтардың практикалық жұмыс тәжірибесімен алмасу болды.
Семинарға қатысушылардың назарына сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру және психологиялық жұмыстар ұсынылды.
Дөңгелек үстел аясында ресурстық орталық қызметін нормативтік-басқарушылық сүйемелдеу, ресурстық орталықтың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау, тірек және магниттік мектептердің өзара әрекет ету нүктелері, ресурстық орталықта оқу-тәрбие үдерісін бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеу мәселелері қаралды. Жұмыс тәжірибесімен Бұланды ауданы Капитоновка ОМ ресурстық орталығының директоры Алмагуль Кайлиоловна Казкенова бөлісті. Пікір алмасу әрбір қатысушыға өзекті тақырыптарды талқылауда өзін көрсетуге және ресурстық орталықтардың жұмысына қатысты өз пікірін білдіруге мүмкіндік берді.