Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің және Целиноград аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 29 сәуір күні Целиноград ауданы №2 Қосшы орта мектебінің базасында «Озық тәжірибе-ортақ тәсіл» облыстық аймақтық семинар өтті.
Семинарға оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Г.Б.Кушпаева, оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Г.О.Дюсенова, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәрбие ісі меңгерушілері, әдіскерлері, мектеп басшылары, педагогтары, Аршалы, Қорғалжын, Ақкөл, Шортанды және Целиноград аудандарының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиешілері қатысты. Іс-шараға барлығы 80-нен астам педагог қатысты.
Семинардың мақсаты - білім алуға, тұлғаның дамуына, жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибесін зерттеуге негізделген педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинарға қатысушыларға шеберлік сағаттар, балабақша тәрбиешілерінің, математика, химия, физика, биология, психологтардың, логопедтердің сабақтары, Целиноград ауданының мектеп және балабақша педагогтарының әдістемелік материалдар көрмесі ұсынылды.
Семинардың екінші бөлімінде Ақкөл және Целиноград аудандарының 34 ғылыми-жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы, бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру пән мұғалімдерінің облыстық деңгейде озық педагогикалық тәжірибелерін жалпылау өтті.
Семинар шеңберінде Целиноград ауданының оқу-әдістемелік кабинетінің мазмұнды, жан-жақты жұмысы көрсетілді. Әрбір қатысушы кәсіби құзыреттілікті арттыру, күнделікті тәжірибеде озық тәжірибені анықтау мен қолданудың өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.