2019 жылы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, проблемаларды шешу жолдарын іздеу үшін диалог алаңын құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларына арналған шеберлік сағаттар негізінде тәжірибе алмасу болып табылады.
Конференция халықаралық сарапшылардың, Қазақстандағы балалық шақты қорғау және білім беру бойынша БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесі, инклюзивті практиканы енгізетін қоғамдық бірлестіктер және т. б.өкілдерінің қатысуымен өтті.
Ақмола облысының делегациясын құрамында: білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, колледждердің, мектептер мен балабақшалардың өкілдерін инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты М. Ө. Ибраев басқарды.
Қатысушылар кәсіби тәжірибемен әр түрлі формада бөлісе алды (12 адам – конференция жинағында мақала жариялау түрінде сырттай қатысу, 3 қатысушы – пленарлық отырыста сөз сөйлеу түрінде қатысу, 16 қатысушы – Аршалы, Атбасар, Ақкөл, Целиноград аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының тыңдаушылары).
Конференция сессиясының модераторы М. Ө. Ибраев және мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы М. Ж. Темірбаева «Инклюзивті білім беруді дамытудың жүйелі тәсілі туралы» баяндама жасады (жұмыс тәжірибесінен); № 1 Аршалы орта мектебінің директоры Е. А. Клименко «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды саралап оқыту» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасалды, конференцияға қатысушыларға сертификаттары табыс етілді.