«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп директорлары инклюзивті білім беру секциясына қатысты

01.05.2019

2019 жылы 23 сәуірде Көкшетау қаласындағы № 19 орта мектепте Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері директорларының облыстық форумы аясында инклюзивті білім беру секциясының отырысы өтті, оған 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар мектеп директорлары, Ақмола облысы білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, арнайы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты, сондай-ақ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, Ақмола облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау департаментінің басшысы және бас маманы шақырылды.

Секция модераторы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты М. Ө. Ибраев сөз сөйледі.

Қатысушылар инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық сүйемелдеу; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар мен жалпы білім беретін мектептердің өзара іс-қимылы; әлем мен Қазақстан Республикасында аутизмнің таралу мәселелері; халықтың аз мүмкіндіктері бар топтары үшін білім беру объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша заңнама нормалары және т. б. мәселелерді талқылады. Секция жұмысына барлығы 80-нен астам қатысушы қатысты.

 

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст