Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 6 мамыр күні облыстық деңгейде Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласының 41 жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдерінің, бастауыш сынып және мектепке дейінгі оқыту мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибені жинақтау бойынша екінші аймақтық семинар өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: білім беруді жаңғырту үдерісін қамтамасыз ететін тәсілдер негізінде озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу.
Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау кезінде әрбір педагог өзінің озық тәжірибесі тақырыбының өзектілігін, механизмдері мен заңдылықтарын көрсетті. Мұғалімдер өз жұмысын шығармашылық жаңашыл тәжірибемен, жаңашыл бастамалармен, кемшіліктерді анықтай және жеңе білумен, жұмыстың жекелеген тәсілдері мен әдістерін жүзеге асыруда жақсартуларды анықтаумен, қол жеткен нәтижелерді сипаттаумен құрды. Барлық мұғалімдер кәсіби құзыреттілікті арттыру, күнделікті тәжірибеде озық тәжірибені анықтау және қолдану мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.