«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» облыстық конкурсы

14.05.2019

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы негізінде және «Үздік педагог-2019» конкурсын өткізу туралы» Ақмола облысы білім басқармасының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 98 бұйрығы негізінде Көкшетау қаласының № 17 «Көктем» балабақшасы базасында 2019 жылғы 13-14 мамыр күндері  мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» облыстық конкурсы өтті.

Конкурсқа 16 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 18 тәрбиеші қатысты.

Мақсаты: педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды марапаттау.

Конкурс  5 кезеңнен тұрды:

I кезең - «Менің кәсіби ұстанымым» педагогтың өзін-өзі таныстыруы.

Барлық қатысушылар «Менің кәсіби ұстанымым»  тақырыбы бойынша өз визит карточкасында өздерін, мектепке дейінгі ұйымды және өз мамандығының ерекшеліктерін, креативтілігін, әртістілігін, сыртқы және ішкі педагогикалық мәдениетін көрсетті.

ІІ кезең – шеберлік сағат. Бұл мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу. Сабақ өткізу сапасы сабақтың тәрбиеленушілердің жас құрамына, оқу жоспарына, сабақтарда инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалануға, педагогикалық техникаға, педагогикалық шеберлікке сәйкес келуі және тәрбиеленушілердің интеллектуалдық-шығармашылық ой-өрісі үшін жағдай жасау бойынша бағаланды.

ІІI кезең - «Шығармашылық зертхана». III кезеңде қатысушылар өз қызметін, сабақтардың авторлық, ғылыми - әдістемелік әзірлемелерін, оқу бағдарламаларын, құралдарын, оқу - әдістемелік кешендерін және т. б. көрсете отырып әдістемелік көрме ұйымдастырды. Конкурсқа қатысушылар көрме және презентациялар, фото - бейне материалдар түрінде әдістемелік жұмысты көрсетті. Конкурстың осы кезеңіне педагогтар ерекше шығармашылықпен дайындалды.

ІV кезең -  «Мен - заманауи  педагогпын»  тақырыбында эссе.

Эссе - белгілі бір тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма. Эссені бағалау кезінде тақырыптың ашылуы, мазмұнның қисындылығы мен байланыстылығы ескерілді.

V кезең -  «Педагог портфолиосы».

Педагог портфолиосына оның білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелері, педагогтың белгілі бір уақыт кезеңінде білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылды.

Конкурстың  қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сертификаттары табыс етілді.

Гран-при дипломымен және 150 000 теңге сомасына сертификатпен Атбасар ауданы № 4 «Еркежан» балабақшасының тәрбиешісі  Сахнова Нина Анатольевна марапатталды.

I дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге сомасына сертификатпен Көкшетау қ.,  № 37 «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі Маслова Ирина Николаевна марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен және 75 000 теңге сомасына сертификатпен Целиноград ауданы «Жұлдыз» балабақшасының музыкалық жетекшісі Калиева Клара Айкеновна марапатталды

III  дәрежелі дипломмен және 50 000 теңге сомасына сертификатпен Жарқайың ауданы «Шаңырақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гиззатулина Дина Рустамовна марапатталды.

14 қатысушыға білім басқармасының грамоталары табыс етілді.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Астана қаласы мен Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ әр түрлі номинациялар иегерлеріне ақшалай сыйақы берді:

«Зерттеуші педагог»  номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Степногорск қ. № 5 «Еркетай» балабақшасының тәрбиешісі  Лапшина Тамара Александровнаға;

«Шығармашыл педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Ақкөл ауданы №2 балабақшаның музыкалық жетекшісі Гайворонская Линда Александровнаға;

  «Жаңашыл педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Ерейментау ауданы «Болашақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Тасимова Нурсауле Каирбаевнаға; 

«Көшбасшы педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Бурабай ауданының «Ақбота» балабақшасы тәрбиешісі Умирова Макпал Ерболовнаға;

 «Эрудит педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Сандықтау ауданы «Мирас» балабақшасының тәрбиешісі Жанузакова Асель Буркутовнаға.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға «Астана қаласы мен Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Екі күн бойы Ақмола облысының үздік педагогтары өз кәсібилігі мен құзыреттілігін көрсетті.

Просмотров: 926


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст