«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу бойынша пилоттық жоба: зерттеу, дамыту, нәтижелер» тақырыбында өңірлік семинар

15.05.2019

2019 жылғы 14 мамырда Бұланды ауданының Никольск орта мектебі базасында Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп «Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу бойынша пилоттық жоба: зерттеу, дамыту, нәтижелер»  тақырыбында өңірлік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты– бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін енгізу бойынша апробацияның қорытындысын талқылау.

Семинар барысында критериалды бағалау жүйесін қолдану, сабақты тиімді жоспарлау және өткізу мәселелері талқыланды.

Көкшетау қ., Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері    Б.К.Рахимжанова, С.Б.Журунтаева, Л.В.Журба және Бұланды ауданы Никольск орта мектебінің мұғалімдері шеберлік сағаттарын өткізді. Семинарға Ақкөл, Шортанды, Біржан сал, Бурабай, Бұланды аудандарынан 60-тан астам педагог қатысты.

Семинар соңында қонақтар мен қатысушылар Никольск орта мектебінің әкімшілігіне өткізілген жұмыс үшін алғыстарын білдірді.

Просмотров: 680


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст