Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2019 жылғы 15 мамыр күні «Жақсы кітап – жан азығы» атты сырттай конкурсы өтті. Аталған конурсқа аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен 14 жұмыс қабылданды. Конкурсқа Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, ішкі саясат басқармасының, Ж. Мусин атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің, М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мамандары төрелік етті. Конкурстың қорытындысы мен жүлдегерлер 2019 жылғы 23 мамырда өтетін марапаттау рәсімінде белгілі болады.