«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» конкурсы

16.05.2019

Ақмола облысы білім басқармасының  іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 16-17 мамыр күндері Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» орта мектеп-гимназиясы базасында  бастауыш, негізгі және  жалпы  орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог – 2019»  облыстық конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру және оларды марапаттау.

Облыстық конкурсқа  24 педагог қатысты.

«Үздік педагог-2019» конкурсы  бес кезеңнен тұрады:

І кезең   - «Менің кәсіби ұстанымым» педагогтың өзін-өзі таныстыруы;  

ІІ кезең  - шеберлік сағаты; 

ІІІ кезең  - мұғалімнің шығармашылық зертханасы (конкурсқа қатысушы қызметінің көркемдік көрінісі, авторлық, ғылыми - әдістемелік әзірлемелердің, оқу бағдарламаларының, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік кешендердің және т. б. болуы).

IV кезең - «Мен -заманауи педагогпын» тақырыбындағы эссе -ойлау;

V кезең  - конкурсқа  қатысушының портфолиосы.

 16 мамыр күні конкурсқа қатысушылар өзін-өзі таныстырып, орта және жоғары сынып оқушыларымен шеберлік сағаттарын өткізді.

Конкурс  17 мамырда жалғасады.

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст