2019 жылғы 16 мамырда Көкшетау қаласындағы №1 Құрылыс- техникалық колледжі базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» облыстық конкурсы өтті.
«Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» облыстық конкурсы«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.
«Үздік отбасылық қарым-қатынас клубы» облыстық конкурсына Ақмола облысының отбасылық қарым-қатынас клубы құрылған 15 білім беру ұйымы қатысты.
Өткізілген конкурс қорытындысы бойынша орындар келесі үлгіде бөлінді:
1 орын – Атбасар ауданы, №1 орта мектебінің «Жанұя» отбасылық клубы.
2 орын – Біржан сал ауданы Казгородок орта мектебінің «Отау» отбасылық клубы.
2 орын- Зеренді ауданы Абай орта мектебінің «Нұрлы шаңырақ» отбасылық клубы.
3 орын – Бурабай ауданы Щучинск қаласы №8 мектеп-гимназиясының
« Отбасым-ыстық ұям» отбасылық клубы.
3 орын- Ерейментау ауданы Күншалған орта мектебінің «Ғибрат» отбасылық клубы.
3 орын- Степногорск қаласы «Балауса» бөбекжай- бақшасының «Мен және отбасым» отбасылық клубы.
Конкурстың қорытындысы бойынша I, II, III дәрежелі жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сертификаттары табыс етілді.