Облыс мұғалімдерінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарды анықтау мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылғы 16-17 мамыр күндері Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» орта мектеп-гимназиясы базасында бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог – 2019» облыстық конкурсы өтті.
Конкурс «Үздік педагог-2019» конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы және «Үздік педагог-2019» конкурсын өткізу туралы» Ақмола облысы білім басқармасының 2019 жылғы 29 наурыздағы№ 98 бұйрығы негізінде өткізілді.
Конкурсқа облыстың 19 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан, сондай-ақ 4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептен 24 педагог қатысты.
Конкурс 5 кезеңнен тұрды:
I кезең – «Менің кәсіби ұстанымым» педагогтың өзін-өзі таныстыру;
ІІ кезең – шеберлік сағат;
ІІІ кезең – «Шығармашылық зертхана»;
ІV кезең – «Мен – заманауи педагогпын»;
V кезең – «Педагог портфолиосы».
Бірінші кезеңде қатысушылар оқушылардың, педагогтың жетістіктерін, оқушылармен және әріптестерімен қарым-қатынасын көрсетті.
Екінші кезеңде мұғалімдер 20 минуттық ашық сабақтар көрсетті. Өткізілген сабақтар әдістемелік әдістемелердің ерекшеліктерімен, оқу үрдісінде иннновациялық технологияларды қолданумен ерекшеленді.
Шығармашылық жұмыстарды қорғау кезеңінде қатысушылар қазақстандық білім беру жүйесіндегі заманауи үрдістерді ашатын шығармашылық жұмыстарды ұсынды. Қорғау барысында жұмыстың мазмұндылығы мен тереңдігі, ғылыми және әдістемелік құндылығы, әлеуметтік маңыздылығы бағаланды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен ақшалай сертификаттары табыс етілді:
Бас жүлде дипломымен және 150 000 теңге сомасына сертификатпен Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілді білім беру бейіндік мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Ахметжанова Самал Кенжеболатқызы марапатталды.
I дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге сомасына сертификатпен Целиноград ауданы, Қоянды ауылының орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дауыл Ұлан марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломмен және 75 000 теңге сомасына сертификатпен Бурабай ауданы, № 9 мектеп – гимназиясының география пәні мұғалімі Сердалин Сайран Дәуренұлы марапатталды;
III дәрежелі дипломмен және 50 000 теңге сомасына сертификатпен Көкшетау қаласы, № 6 мектеп – лицейінің тарих пәні мұғалімі Касенова Гүлсұлу Ибрагимқызы және Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 мамандандырылған мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі Төреханов Руслан Болатұлы марапатталды.
19 қатысушыға білім басқармасының грамоталары табыс етілді.
«Астана қаласы мен Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ конкурс қорытындысы бойынша номинациялар мен ақшалай сыйақы табыс етті:
«Көшбасшы педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектебінің тарих пәні мұғалімі Алпыспаева Салтанат Амантайқызына;
«Жаңашыл педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Жақсы ауданы, №1 Жақсы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Адильшинова Айжан Кемелбекқызына;
«Зерттеуші педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Ақкөл ауданы, №2 Ақкөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кучерова Татьяна Александровнаға;
«Эрудит педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Атбасар ауданы, №1 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Нұрманова Алия Нұрланқызына;
«Шығармашыл педагог» номинациясы және 40 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы Шортанды ауданы, №3 Шортанды орта мектебінің музыка мұғалімі Амантай Нұрболға.
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға «Астана қаласы мен Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Екі күн бойы Ақмола облысының үздік педагогтары өздерінің кәсібилігі мен құзыреттілігін көрсетті.