Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 21 мамырда Атбасар ауданының Атбасар қ. № 2 орта мектебі базасында Атбасар, Астрахан және Жақсы аудандары мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау бойынша кезекті облыстық аймақтық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: облыс мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесімен алмасу және тарату.
Семинарда мектепке дейінгі білім беру, бастауыш сынып, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық бағыттағы 22 мұғалімнің инновациялық-тәжірибелік жұмыстары тыңдалды. Баяндамаларды облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің жұмыс тобы келесі критерийлер бойынша бағалады: педагогикалық қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі, оқу-тәрбие жұмысының жоғары және тұрақты нәтижелері; өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы; оқу-тәрбие міндеттерін тиімді шешу; тәжірибе жаңалығы; педагогикалық қызметтің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын пайдалану.
Тәжірибені жалпылау кезінде материалды жинақтауға ұсынған әрбір мұғалім педагогикалық тәжірибе негізіндегі идеяны, заңдылықтарын, механизмдерін, оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін қолдануды көрсетті, қол жеткізілген нәтижелерге талдау жасады.
Ақмола облысының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен бірлесе отырып жыл сайын осы жұмысты жүргізеді, өйткені білім беру сапасын арттырудың жаңа жолдарын таба отырып, қолжеткізген жетістіктермен тоқтамай алға жылжып келе жатқан педагог үшін озық педагогикалық тәжірибені жалпылап, тарату оның шығармашылық қабілеттерін, жеке кәсіби шеберлігін ашуға мүмкіндік береді.
Семинар жұмысының қорытындысы облыстық озық педагогикалық тәжірибе деректер қорына осы семинарға қатысушылардың озық педагогикалық тәжірибесін енгізу және одан әрі тарату болып табылады.