«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш мектеп- білім негізі» бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумы туралы ақпарат

11.04.2022

  

  • 2022 жылғы 8 сәуірде бастауыш сынып мұғалімдерінің бірінші республикалық съезінің қорытындысы бойынша «Бастауыш мектеп – білім негізі» атты А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті базасында облыстық форумы өтті.
  • Форумның мақсаты облыс мұғалімдеріне республикалық съезде қабылданған міндеттер мен шешімдерді жеткізу.

 

  • Форум секцияларының жұмысы шеберлік сағаттар мен коучингтер форматында келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1.Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру

2.Бастауыш білім беруді дамыту стратегиясы: жағдайдан тиімді нәтижеге дейін

3.Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру

4.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін нығайту

 

  • Форум жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, «Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» АҚ, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің, Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары,                аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері және облыстың 300-ден  астам педагогы қатысты.
  • Пленарлық отырыста  келесі педагогтер  баяндады:

Суровицкая Юлия Юрьевна, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-педагогикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, п. ғ. м. Юлия Юрьевна бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау бойынша ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнын ашты;

  • «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, п. ғ.м. Сағындықова Гүлдана Мырзабекқызы өз сөзінде курстық даярлықтың біліктілігін арттыру мәселелерін атап өтті;
  • Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің педагогика және арнайы пәндер оқытушысы п.ғ.м. Пышная Тамара Владимировна тимбилдинг әдістемесін рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру арқылы тиімді құрал ретінде қолдану туралы айтып берді;
  • Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебері Динара Каирбековна Тлеулесованың баяндамасында «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнының мәселелері көтерілді.
  • Үздіксіз білім беру жүйесіндегі бастауыш білім халықтың жалпы білім беру негізі байланысты болатын базалық білім деңгейі болып табылады. Жаңа ұрпақтардың қоғамдық қоғамдастыққа кірігуіне қосқан үлесін ескере отырып, бірде-бір білім беру институты бастауыш мектеппен бәсекелесе алмайды. Осыған байланысты, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов облыстық оқу-әдістемелік кабинетке бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жұмысын жандандыру, тиімді ұйымдастыру, педагогтердің жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату білім сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

 

Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст