«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарастар

12.04.2022

2022 жылғы 9 сәуір күні Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи университетінің базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринованың қатысуымен география пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті. 

Ақмола облысы делегациясы құрамындағы 21 педагог секциялық жұмыстарға белсенді қатысты.

Съезд жұмысында географиялық білім берудің өзекті мәселелері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу жетістіктерін бағалау, қорытынды аттестаттау, ғылыми жобалау қызметі, география мұғалімдерін даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері көтерілді.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, пленарлық отырыста айтылды.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст