Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 28 мамырда Степногорск қаласында Бурабай, Біржан сал, Бұланды, Егіндікөл аудандары мен Степногорск қаласы мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау бойынша кезекті облыстық аймақтық семинар өтті. Семинардың мақсаты: облыс мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесімен алмасу және тарату. Семинарда мектепке дейінгі білім беру, бастауыш сынып, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық бағыттағы 50 мұғалімнің инновациялық-тәжірибелік жұмыстары тыңдалды. Баяндамаларды облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің жұмыс тобы келесі критерийлер бойынша бағалады: педагогикалық қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі, оқу-тәрбие жұмысының жоғары және тұрақты нәтижелері; өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы; оқу-тәрбие міндеттерін тиімді шешу; тәжірибе жаңалығы; педагогикалық қызметтің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын пайдалану. Педагогтардың презентациялық материалдары бойынша теорияға байланысты, критериалды бағалау, функционалдық сауаттылық мәселелерінде жұмыстың инновациялық әдістерін ашудағы оң үрдістер атап өтілді. Ақмола облысының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен бірлесе отырып жыл сайын осы жұмысты жүргізеді. Семинар жұмысының қорытындысы облыстық озық педагогикалық тәжірибе деректер қорына осы семинарға қатысушылардың озық педагогикалық тәжірибесін енгізу және одан әрі тарату болып табылады.