Ақмола облысының білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауымен Ғылым апталығы аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде колледж студенттері арасында оқу-зерттеу жобаларының конкурсы өтті. Конкурсқа Омбы, Семей, Өскемен, Орал, Петропавл, Ақмола облысы колледждерінің 46 студенті қатысты. Қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді, бұл жастардың зерттеулерге, ғылыми білімге деген танымдық қызығушылығының артқанын көрсетеді.
Конкурсты Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.д. А.Д. Жақыпова алғы сөзімен бастап, студенттердің зерттеу қызметі оқуға деген ынталандыру болып табылатынын және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететінін атап өтті. Білім басқармасының атынан ООӘК ТжКБ бөлімінің басшысы С. С. Сералина қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Конкурс 4 бағыт бойынша өтті. Жобаларды қорғау конкурстың қорытындысы болды.