«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті басқара білу» тақырыбындағы республикалық семинар

14.04.2022

2022 жылғы 13 сәуірінде Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы және Ақмола облысының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті бірлесе ұйымдастыруымен «Педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті басқара білу» тақырыбындағы республикалық  семинар өткізді.

Республикалық семинар жұмысының мақсаты: педагогтерді педагогикалық шеберлікті бағалаудың бірыңғай құралдарын әзірлеу бойынша зерттеудің алдын ала нәтижелерімен таныстыру, формалді және бейресми білім беру нәтижелерін тәуелсіз бағалауды талқылау.

Семинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалым-хатшысы Галимжанова Маржан Анесовна, жетекші ғылыми қызметкері Сапиева Майра Саимовна, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, Ақмола облысының педагогтері және онлайн форматында ғылыми жұмыс тобының құрамына кірген «Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» қызметкерлері, колледж педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар педагогтерді аттестаттау, сертификаттау, педагогикалық шеберліктің басты шарттары мен мазмұны, шеберлікке жету кезеңдері мен жолдары және т.б. өзекті мәселелер туралы өз ойларымен бөлісіп, сөз қозғап, пікір алмасты.

Семинарда жалпы орта білім беру ұйымдарының, колледждердің педагогтері ұсынған ұсынымдар педагогикалық қоғам арасында талқылауды ұсынды.

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст