«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Озық педагогикалық тәжірибе тарату бойынша Ғалым күніне арналған «Табысты педагогтің заманауи моделі" облыстық семинар

15.04.2022

Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және тарату арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2022 жылғы 14 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының №2 ДБАООМИ базасында озық педагогикалық тәжірибені тарату бойынша облыстық семинар өткізілді.

Мектептің педагогикалық ұжымы «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» атты әдістемелік көрме ұйымдастырып, семинар қатысушылары мектеп мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктерімен таныса алды.

«Тұран Астана» университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты В. А. Шнайдермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушылар лингвистиканың жаңа бағыттарымен танысты.

Макурина Е. В., Қасымова Л.Т., Құлмағанбетова Ж.Т. ұсынған «Авторлық бағдарламалар мен оқулықтарды әзірлеу және жасау» тақырыбы бойынша «шебер-сыныптар» жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді.

Семинар қатысушыларына кері байланыс парақтары таратылып, семинар туралы өз пікірлерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айта алды. Оларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылды:

  1. Семинар барысында қандай жұмыс түрлері тиімді болды?
  2. Семинардың мазмұны туралы пікіріңіз;
  3. Сіздің ұсыныстарыңыз

1-ші сұрақ бойынша, мұғалімдер шеберлік сыныптарын, оқушылардың жұмыстарын көрсететін брошюраларды, слайдтық презентацияларды, бейнефильмдерді тиімді деп санады.

2-ші сұрақ бойынша, семинарға қатысушылар семинар мазмұнды, қызықты, пайдалы деп санады.  Ұсынылған материалдар сан алуан, өздері және өз мектептері үшін көп нәрсе алды. Семинар жұмысының ізгі ниеті жобаларды қорғауға сенімділік берді.

3-ші мәселе бойынша, мұғалімдер мұндай семинарларды жиі өткізіп, жеке мұғалімдердің ғана емес, жалпы мектептердің тәжірибесін таратуды ұсынады.

Семинар қорытындысы және кері байланыс парақтарының нәтижелері бойынша семинар жоғары деңгейде өтті, педагогтер жұмыс тәжірибесімен бөлісті деп қорытынды жасауға болады.

Семинар жұмысы аралас форматта өткізілді. Семинарға 180 астам мұғалім қатысты.

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст