«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіби кадрларды даярлау процесін жетілдіру аспектілері» республикалық семинар-практикумы

17.06.2019

2019 жылғы 14 маусымда Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжі базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіби кадрларды даярлау процесін жетілдіру аспектілері» республикалық семинар-практикум өткізілді. Семинар Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесе отырып «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ұйымдастырды. Семинар жұмысына республика өңірлерінен 200 педагог қатысты.

Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының колледж директорлары, оқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарлары, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесімен бөлісіп, жұмысшы кадрларды даярлау үрдісінің проблемалық мәселелерін талқылады.

Семинардың практикалық бөлімі 5 секцияда өтті. Ақмола облысының педагогтары WorldSkills тақырыптары, CLIL әдістемесі, оқытуда модульдік-құзыретті тәсіл элементтері бар шеберлік сағаттар ұсынды.Барлық секцияларда қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға белсенділік, қызығушылық танытты. Республикалық семинар-практикумның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст