«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Петропавл қаласында «Білім беру үдерісін әдістемелік қолдауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында орта білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңес өтті

28.06.2019

2019 жылғы 27-28 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы  Петропавл қаласында «Білім беру үдерісін әдістемелік қолдауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында орта білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңес өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ш.М.Қадырова, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті  Ж.О.Жылбаев, Ақмола облысының 19 аудандарынан (қалаларынан) – әдістемелік кабинеттердің мамандары және облыстық оқу - әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Р. Б. Баганалинова қатысты.

Кеңес барысында жаңартылған білім беру мазмұнының типтік оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, жаңа оқу пәндерін енгізу («Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «АКТ», «Алғашқа әскери және технологиялық дайындық»), қазақ тілінде «Қазақстан тарихы», орыс тілінде «Дүниежүзі тарихы» пәндерін пилоттық режимде оқыту мәселелері, типтік оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, әдіскерлерге арналған тренингтік курстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының білім беру мекемелеріне бару ұйымдастырылды.

Екінші күн Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 4 сессия жұмысы өтті. Екі күн жұмыс қорытындысы бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңеспен  ұсыныстар берілді.

 

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст