«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасындағы білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша инновациялық технологиялар

25.04.2022

        Ақмола облысының делегациясы ағымдағы жылдың 20-21 сәуір күндері өткізілген «Қазақстан Республикасындағы білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша инновациялық технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Г.Балаева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, бас прокуратураның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен оқытушылары, білім басқармаларының басшылары, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, педагог-психологтар, ювеналды полиция инспекторлары шақырылды.

       Конференцияның бірінші күні пленарлық отырыс өтті, онда конференция қонақтары кіріспе сөз сөйлеп, шетелдік өкілдер жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Заманауи технологиялар және жетістіктер» диалог алаңында (озық тәжірибені тарату) психология саласындағы жетекші мамандар шеберлік сағаттарын өткізді. Конференцияның екінші күні 7 алаңнан тұратын секциялық отырыстар жалғасын тапты, онда қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Конференция соңында қорытынды шығарылып, қарар қабылданды.

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст