«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«BILIMDI JASTAR» жас педагогтердің І облыстық слеті

25.04.2022

 

2022 жылғы 22-23 сәуірде Зеренді ауылында «Сұңқар» сауықтыру кешенінің базасында «BILIMDI JASTAR» жас педагогтердің      І облыстық слеті өтті. Аталмыш іс-шараға мектептердің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің жас педагогтері, қауымдастық төрағалары, Ақмола облысы колледждерінің жас оқытушылары және педагог-тәлімгерлер қатысты.

Жас педагогтерге арнап облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ләззат Сұрағанқызы Құрманғалиева құттықтау сөз сөйледі.

         Оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Инара Ибраимовна Ермуханова және Жақсы ауданы Қима ауылының Қ.Ш. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жас педагог-психологы Аида Бейсенқызы Ахметова жас педагогтердің бірлігіне, коммуникативтік дағдыларды дамытуға, эмоционалдық тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті және бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тренинг-активті өткізді.

Слет жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов қатысып, білім беру жүйесінде тек қалада ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жастардың оң көзқарасын, тәжірибелі педагог-тәлімгерлердің кәсібилігін, олардың шығармашылық белсенділігін және аудан, облыс, республика деңгейінде өткізілетін көптеген іс-шараларға қатысуға деген ұмтылысын атап өтті. Осының барлығы педагогтердің әр түрлі ұрпақтарының кәсібилігі мен бірлігін арттырудың табысты кепілі болып табылады. Диалогтың басты идеясы жас педагогтерді игі істерге баулу, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, кәсіби шеберлігін үнемі дамыту, әлеуетін ашып, қабілеттерін іске асыру, қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шақыру болып табылады.

«Жас педагогтер одағы» қауымдастығының төрағалары мен дөңгелек үстелге қатысушылар жас педагогтердің өңірлерде қалай өмір сүретіні, жұмыс істейтіні және қандай қолдауды қажет ететіні туралы айтып өтті. Ашық сындарлы диалог екі жаққа да пайдалы болды.

Екі күн бойы шеберлік сағаттар, тренингтер және тимбилдинг өтті. Екі алаңда тәжірибелі педагог-тәлімгерлер жұмыс істеді: «Көкшетау қ. № 17 мектеп-гимназиясы» КММ-ның директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Гульнара Маликовна Таласпаева, «Көкшетау қ. № 13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы» КММ-ның география пәні мұғалімі Жижикина Ольга Витальевна, «Көкшетау қ. № 13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы» КММ-ның бастауыш сынып мұғалімі Дина Мұратбекқызы Жүсіпбекова, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі «Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейі» КММ-ның директоры, республикалық дебат турнирінің жеңімпазы Дамир Шоқанұлы Сұрағанов, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясы» КММ-ның директоры, республикалық дебат турнирінің жеңімпазы Рахымжанов Мейрамбек Құдайбергенұлы, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің педагогика және арнайы пәндер оқытушысы Пышная Тамара Владимировна тимбилдинг әдістемесін рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде қолданылуы жайлы  айтып, шеберлік сағатын өткізді.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыру-талдау жұмысы және курстық дайындық бөлімінің басшысы Сұлушаш Телмайқызы Қожахметова авторлық бағдарламаларды әзірлеу және жасау ерекшеліктерімен таныстырды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жас педагогтерге тек оқыту ғана емес, сонымен қатар мәдени-тынығу іс-шараларына толы мазмұнды бағдарлама дайындады.

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст