«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасындағы білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің инновациялық технологиялары

26.04.2022

Ағымдағы жылдың 21 сәуірде Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің инновациялық технологиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында 7 алаңда секциялық отырыстар өтті.

Бірінші секцияда білім беру ортасында психологиялық - педагогикалық мәдениетті қалыптастыру технологиялары талқыланып, Ресей Федерациясы мен Беларусь әріптестері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Екінші секциялық алаңның қатысушылары қазіргі мектептегі сыни тұрғыдан ойлау, эмоционалды зияткерлікті қалыптастыру мен дамытудың психологиялық механизмдері туралы айтты.

Конференция жұмысында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. А. Жүсіповтің қатысуымен өткен «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу» үшінші секциясы маңызды болды.

Төртінші секцияның қатысушылары еркін жағдайда балалар және ата-аналар коммуникацияларының тәжірибеге бағытталған технологияларын талқылады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқын түзету және психологиялық көмекті ұйымдастыру» бесінші секциясының жұмысына қатысып, отырыстың басқа қатысушыларымен бірге білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, кәмелетке толмағандардың деструктивтік және аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу шаралары мәселелерін талқылады.

Өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық механизмдері және қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың өміршеңдігі – конференцияның алтыншы секциясының мәселесі болды.

Жетінші секция дарынды балалардың зияткерлік қызметінің психологиялық ерекшеліктерін талқылау алаңына айналды. Секция жұмысы қорытындылаумен және ұсыныстар қабылдаумен аяқталды.

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст