2022 жылғы 26 сәуірде Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскер-менторларына және жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерді (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде оқытатын педагогтерге арналған «CLIL-технологияны оқу процесінде қолданудың тиімді практикасы» облыстық аймақтық семинары өтті.
Семинар жұмысы дөңгелек үстел форматында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Целиноград, Шортанды аудандардың және № 2 ДБОММИ, № 4 «Болашақ» ДБОММИ педагогтерінің қатысуымен «ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯСЫ», «БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯСЫ» бағыттарында өтті. Семинар барысында шеберлік сағаттары өткізіліп, облыс педагогтері жұмыс тәжірибесімен алмасты: «SCAFFOLDING READING COMPREHENSION IN CLIL CLASSROOMS», «ФИЗИКА ПӘНІНЕН БЖБ ЖӘНЕ ТЖБ ТАПСЫРМАЛАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ДАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ», «ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЗЕРТТЕУ КЕЗІНДЕ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ОЙЫН СӘТТЕРІ», «ҮШТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР», «ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА «HELP TO TEACH» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН ҚОЛДАНУ», «ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА АРАЛАС ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ», «ИНФОРМАТИКАНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫ САНДЫҚ ҚОСЫМШАЛАР АРҚЫЛЫ ТҮРЛЕНДІРУ», «ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА МОДЕЛЬДЕУ», «APPLYING CLIL TO A CHEMISTRY UNIT» және т.б.
Пленарлық бөлімде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскер-менторы Сауле Алиева аймақтық семинарға қатысушыларды Ақмола облысының білім беру ұйымдарында CLIL-оқыту әдісін енгізу тәжірибесімен және даму перспективаларымен таныстырды, баяндамашылар Айман Жакишеваның «№4 «БОЛАШАҚ» ДБОММИ» КММ CLIL-ТӘЖІРИБЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН СӘТСІЗДІКТЕР», Мухатай Марттың «ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ», Рафикова Эльмираның «ЭФФЕКТИВНОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ УРОКА» баяндамалары тыңдалды, сонымен қатар Степногорск қаласы Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының биология және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Вероника Щербина семинар қатысушыларына «ПӘНДІК-ТІЛДІК ОҚЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ» тақырыбында коучинг өткізді.
Ұсынылған педагогикалық практиканың барлық мәселелері бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, кең пікірталас өтті. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша интерактивті онлайн-тақтаны пайдалана отырып, ұжымдық ретроспективті рефлексия жүргізілді және ұсынымдар қабылданды.