«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог – психологтары мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Мектептегі буллинг пен кибербуллингтің психологиялық аспектілері» тақырыбындағы вебинары

28.04.2022

        Бүгінгі таңда буллинг өте кең таралған және жаппай проблема болып табылады. Мектептегі жасөспірімдер психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың бұл түрімен жиі кездеседі. Мектептегі зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады, өйткені балаға деген қатал қарым-қатынас сөзсіз жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. «Мектептегі буллинг пен кибербуллингтің психологиялық аспектілері» атты облыстық вебинарда спикерлер осы бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Мектептегі, буллинг пен кибербуллингтегі педагог-психологтың рөлі туралы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік- педагогикалық пәндер кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі  Грицай Ирина Викторовна айтып берді.

Мектептегі буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері, мектеп психологы жұмысының техникалары мен әдістері бойынша Көкшетау қ. «ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі»  педагог - психологы Айнагүл Қайыргелдіқызы Назарова сөз сөйледі.

Степногорск қаласының «№ 5 көпсалалы мектеп-лицейі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмайра Амантайқызы Жанайдарова мектепте буллингті болдырмаудың тиімді механизмдерін атап, вебинар қатысушыларын буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелеріндегі мектептің тәрбие жұмысымен таныстырды.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты, спикерлерге сұрақтар қойылды, ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст