Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 29 сәуір күні Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің нормативтік-әдістемелік негіздемесі» тақырыбында облыстық әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Әдістемелік кеңес жұмысына Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Нөгербаев Төлеген Кәкімұлы, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты.
Модератор ретінде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы сөз сөйледі.
Әдістемелік кеңесте келесі мәселелер қаралды:
1. Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ынтымақтастық перспективалары.
2. Инклюзивті білім беруді нормативтік-әдістемелік сүйемелдеу.
3. Білім беру процесіне қатысушыларды бейімдеудегі психологиялық қызметтің рөлі.
Жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар қаралып, бекітілді.