«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Орта білім беретін үздік ұйым – 2019» облыстық конкурс қорытындылары

17.07.2019

Ақмола облысында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығына сәйкес өтті.

Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізілді.

Ең үздік білім беру атағы үшін сайысқа облыстың 13 жалпы білім беретін мектебі қатысты, оның ішінде 7 ауылдық және 6 қалалық мектептер. Конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда екінші кезең қатысушылары анықталады; II кезең – облыстық, жыл сайын маусым айында өткізіледі, онда конкурс жеңімпаздары анықталады.

Жұмысқа облыс әкімінің орынбасары А.Е.Мүсірәлімова төрағалық еткен білім беру саласындағы бақылау департаментінің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім басқармасының қызметкерлері сараптау комиссиясы қосылды. Сараптау комиссиясымен барлық ұсынылған материалдар қаралды. Облыстың ағымдағы оқу жылында ең үздік деп танылатын жалпы білім беретін мекеме негізінде мектептер дәлел келтіру қажет болды.

Сараптама комиссиясы «Орта білім беретін үздік ұйым – 2019» облыстық байқауының қорытындысы бойынша Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №9 мектеп-гимназиясын жеңімпаз деп тану шешім қабылдады.

Конкурстың бас жүлдесі-34 000 000 көлемінде сертификат, сондай-ақ, Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы облыстың білім беру жүйесі қызметкерлерінің тамыз кеңесінде конкурстың жеңімпазына Гран-при  дипломы және сертификат табыс етіледі.

Мектеп-лауреаттарға білім басқармасының дипломдары салтанатты түрде табыс етіледі:

I дәрежелі Диплом – Шортанды ауданының №3 Шортанды орта мектебі;

II дәрежелі Диплом - Көкшетау қаласының №2 мектеп – лицейі.

Просмотров: 772


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст