Текст
2022 жылғы 28 сәуір күні облыс педагогтері үшін «Нормативтік құқықтық актілерді зерттеу және талқылау» тақырыбында кезекті вебинар өтті. Педагогтерге инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау және облыстық «Педагогикалық тәжірибе банкіне» енгізу рәсімі туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен өткізілетін «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының ережесі талқыланды. Вебинардың барлық қатысушылары талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті.