2022 жылғы 4-5 мамыр күндері Қызылорда қаласында шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, тәжірибе тарату және озық инновациялық идеяларды насихаттау мақсатында Қызылорда облысының білім басқармасы және облыстағы білім беру ұйымдары басшыларының «Серіктес директорлар» лигасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Edcrunch Headmaster» I республикалық конкурсы өтті.
Іс-шараға республикамыздың әр облысынан білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Біздің облыстан аталған конкурсқа Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің директоры Сураганов Дамир Чоканович қатысты.
Конкурстың нәтижесі бойынша Дамир Чоканович жүлделі екінші орынға ие болды.
Құрметті Дамир Чоканович! Сізді Ақмола облысының намысын лайықты қорғап, жүлделі орынға ие болғаныңыз үшін құттықтап, өз ризашылығымызды білдіреміз. Сізге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз!