2022 жылғы 4 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті бала тұлғасының интеллектуалды, шығармашылық қабілетін дамыту, қоршаған әлемді білуге деген қызығушылықты қалыптастыру арқылы ой-өрісін кеңейту мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» атты конкурс өткізді.
Конкурсқа 14 ауданнан мектепке дейінгі ұйымдар қатысты.
Облыстық «Мен зерттеушімін» конурсының қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:
І орын - Алиса Петухова - жоба орындаушысы, 5 жаста, жұмыс жетекшісі - Есіл ауданы «№ 3 «Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі Сычева Валентина Павловна. Жобаның тақырыбы: «Бау-бақшада қарақат...».
ІІ орын - Гончаренко София - жоба орындаушысы, 6 жаста, жұмыс жетекшісі - Степногорск қ. «№ 4 «Арман» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі Богданова Алла Юрьевна. Жобаның тақырыбы: «Сиқырлы бояулар».
ІІІ орын - Трофимов Демид - жоба орындаушысы, 5 жаста, жұмыс жетекшісі - Көкшетау қ. «Көктем» бөбекжайының тәрбиешісі Шынар Каирбаевна Мангутова. Жобаның тақырыбы: «Құммен эксперименттер жасау».
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен марапатталды.