2019 жылдың 8 тамыз күні Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ «ШЖМ және тірек мектептердің (Ресурстық орталықтардың) жағдайы мен даму болашағы» тақырыбында кеңесі өтті. Кеңеске Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және мектеп бөлімінің басшысы Әсемгүл Төлеуханқызы Сүлейменова, оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Жанаргүл Дәулетқызы Баймакова, ресурстық мектептердің директорлары мен орынбасарлары қатысты. Семинарға барлығы 18 педагог қатысты. Аршалы және Егіндікөл аудандарының ресурстық орталықтарының директорлары қатыса алмады.
Семинардың негізгі міндеті облыстағы тірек мектептер жұмысында құзыреттілікті дамытуды қамтамасыз ету үшін практикалық тәжірибе алмасу болды.
Бұланды ауданы, Капитоновка орта мектебінің директоры Алмагүл Кайлиоловна Казкенова және Жарқайың ауданының А. Үкібай атындағы орта мектебінің директоры Роза Есламбекқызы Садвакасова тыңдаушыларды Ресурстық орталықтардың жұмысымен таныстырды.
Оқу-әдістемелік кабинетінің мектеп бөлімінің басшысы Раушан Болатқызы Баганалинова 2019 жылғы «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хат жобасы бойынша шолу жасады.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиясының ҚР БҒМ жұмыс тобының қатысушысы Алтыншаш Алиханқызы Исмагулова, Бурабай ауданы Щучинск қаласының мектеп–интернатының (Ресурстық орталықтың) директоры «Орталық мектеп» кешені - мектеп-спутник» және «ШЖМ мобильдік мұғалімі» ресурстық орталықтарының моделін ұсынды.
Семинар барысында пікір алмасу өтті.