2019 жылы 14 тамызда Чаглинка ауылының жоғары агротехникалық колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының секциялық отырыстары басталды. Секциялық отырыстардың жұмысын білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г.Гамазов ашты.
Секция жұмысына директордың оқу, оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, колледж әдіскерлері қатысты. Секцияларда білім берудегі серіктестік, қазіргі заманғы менеджмент, жаңа үлгідегі колледжді құрастыру мәселелері қарастырылды. Жаңа білім беру бағдарламаларын, заманауи педагогикалық және білім беру технологияларын енгізу назардан тыс қалған жоқ. Секция қатысушылары білім беру үдерісінде WorldSkills стандарттарын, колледж педагогының рөлі мен құзыреттілігін талқылады.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.