«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инклюзивті білім беру: тәжірибесі, инклюзивті қоғам жолындағы келешегі» тақырыбында инклюзивті және арнайы білім беру секциясы

16.08.2019

2019 жылғы 14 тамызда Бурабай ауданы Щучинск қаласының  №8 мектеп-гимназиясында Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі аясында инклюзивті және арнайы білім беру секциясының отырысы өтті.

Отырысқа Ақмола облысы білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің өкілдері, Көкшетау және Степногорск қалаларының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың арнайы ұйымдарының басшылары, инклюзивті тәжірибелерді іске асыратын жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, сондай-ақ Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі  Үйлестіру кеңесінің мүшелері, жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Секция жұмысы барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім алу үшін тең қолжетімділікті құру бөлігінде Ақмола облысының білім беру ұйымдарында ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері, білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, аутизмі бар балалардың даму ерекшеліктері, арнайы және инклюзивті білім беру саласында педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, инклюзивті білім беру тьюторы» жаңа білім беру бағдарламасы, аутизмі бар балалармен тәжірибелік жұмыс, ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс кезіндегі арт-терапияны қолдану және т.б. қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Отырыс соңында қатысушылар бұдан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар жобасын әзірледі. 2019-2020 оқу жылына ерекше қажеттілігі бар  тұлғалары үшін кедергісіз физикалық және білім беру ортасын құру бойынша жұмысты жалғастыру үшін бірқатар міндеттер қойды.

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст