«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсілдері» тақырыптық алаңы

16.08.2019

2019 жылы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Оқушылар сарайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттырудың заманауи тәсілдері» атты тақырыптық алаң өтті.

Тақырыптық алаңға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық және облыстардың білім басқармаларының мектепке дейінгі білім беру саласының жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері және тәрбиешілері, жоғары оқу орындарының және колледждердің оқытушылары, ЮНИСЕФ, Ақпараттық-талдау орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мәжілісте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің өзекті мәселелері: 

- 2019-2020 оқу жылына арналған мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесінің ерекшеліктері;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер;

 - ұсынылатын білім беру қызметінің сапасын арттыру және т.б. талқыланады.

Тақырыптық алаңның аясында мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарының моделі ұсынылды.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің озық жұмыс тәжірибесінен шеберлік сыныптары көрсетілді. «Интеллектум» дамыту орталығы, «Жеті ойыншық» компаниясы; «Kazdidac» ассоциациясы; «Жаңа жол» АстанаПрофиКонсалтинг білім беру орталығы көрме материалдарын ұсынды.

Тақырыптық алаң жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Тақырыптық алаң жұмысына білім басқармасының маманы, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты.

Просмотров: 572


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст