«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үш тілде оқыту: тәжірибесі және жетістіктері» атты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогикалық қызметкерлердің республикалық тақырыптық алаңы

16.08.2019

2019 жылғы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында тамыз конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен  «Үш тілде оқыту: тәжірибесі және жетістіктері» атты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогикалық қызметкерлердің республикалық тақырыптық алаңы ұйымдастырылды.

Өткізу мақсаты-ағылшын тілінде пәндерді оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды енгізу ерекшеліктерімен және талаптарымен таныстыру, мұғалімнің жұмысына әдістемелік қолдау көрсету құралы ретінде пәндерді ағылшын тілінде оқытатын алдыңғы қатарлы мектептер мен мұғалімдердің желілік қоғамдастығының тәжірибесімен алмасу үшін мұғалімдердің диалог алаңын құру.

Іс-шараның спикерлері «Білім-инновация» халықаралық қорының педагогтары, «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС менторлық бойынша жаттықтырушылары мен үйлестірушілері, «NURORDA» мектеп-лицейінің, «Білім-инновация»  лицей-интернаттардың, «Silk Way» мектебінің және басқа да білім беру ұйымдарының педагогтары болды.

Тақырыптық алаңда келесі сұрақтар талқыланды:

  1. «Maker-Space», «STEM», «PBL» педагогикалық технологияларын қолдану тиімділігі;
  2. Орта білім беру мазмұнына халықаралық бағдарламаларды енгізу;
  3. Көптілді білім беруде менторлықтың мәні: тәжірибесі және жетістіктері;
  4. Табысқа үш қадам-ағылшын тілі, оқу және технология;
  5. Digital Detox-медиа ағынында суға батпау.

Іс-шараның ұйымдастырушысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоры.

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст