«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтарына арналған облыстық тақырыптық алаңды өткізу

20.08.2019

 2019 жылғы 19 тамызда Көкшетау қаласының №12 «Мерей» балабақшасының базасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері» атты облыстық тақырыптық алаңы өтті.

Жұмысқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 70 педагогы қатысты. Аталған тақырыптық алаң мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген жаңалықтарды түсіндіру, қазіргі жағдайда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, 4К моделінің міндеттерін іске асыру жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды, ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс істеуде педагогтің құзыреттілігі, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының құндылығын білім беру үдерісіне енгізу мәселелері талқыланды.

Жұмыс барысында Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Каирдосов Олжас Оралұлы құттықтау сөз сөйледі.

Теориялық бөлімде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Жанылсын Өтегенқызы Жалмұханова; Көкшетау қаласының №1 «Арман» балабақшасының әдіскері Айнагүл Хамитқызы Бекбасарова; Бурабай ауданының «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Арман Сәлімқызы Рахматулина; Көкшетау қаласының № 5 «Қуаныш» балабақшасының тәрбиешісі Мұратхан Гүлдәурен сөз сөйледі.  №37 «Өркен» балабақшасының психологы Мұқанова Жаңылған Теміртасқызы «Жақсы көңіл-күй формуласы» атты психологиялық тренинг өткізді.

Аталған іс-шараның практикалық алаңында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының жұмыс тәжірибесінен «Балалардың математикалық дамуы» тақырыбында Ақкөл ауданы №2 балабақшаның тәрбиешісі Ольга Николаевна Сенчило; «Мектепке дейінгі балаларға арналған робототехника» тақырыбында Атбасар ауданы №4 «Еркежан» балабақшасының әдіскері Әсемгүл Дастановна Серікпаева; «Тәжірибе мен эксперименттер әлеміне саяхат» тақырыбында №10 «Алтын бала» балабақшасының әдіскері Айгүл Саттыбаевна Канафина шеберлік сағаттарын өткізді.

«Балабақшадағы инновациялық технологияларды жүзеге асыру үшін пәндік-дамыту ортасын құру»  тақырыбында көрме материалдары ұсынылды.

Тақырыптық алаңның қорытындысында пікір алмасып, педагогтар мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағыттарын, проблемалары мен даму үрдістерін талқылады.  Тақырыптық алаң жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

 

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст