«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім берудегі менеджмент» семинар-тренингі

20.08.2019

2019 жылы 19-20 тамызда Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ» практикалық семинар-тренинг ұйымдастырып өткізді.

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) және университеттің педагогикалық қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматы Менеджмент Университетінің президенті,  Қазақстан Азаматтық Альянсының төрағасы Қожахметов Асылбек Базарбайұлы және Алматы Менеджмент Университетінің бірінші проректоры, философия ғылымдарының докторы, білім беруді дамыту институтының директоры Қанағатова Алмагүл Медихатқызы оқу семинар-тренингін өткізді.

Тренингтің мақсаты: болашақ басқарушылық және шығармашылық сын-қатерлер контекстінде білім беру қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен қызметкерлерді трансформациялау.

Аталмыш тренингті білім басқармасының 80-нен астам мектеп және колледж директорлары мен меңгерушілері үшін Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) тегін өткізді.

Тыңдаушылар озық білім беру трендтерімен, техникалармен және әдістемелермен танысты, «Мектеп директорының ДНҚ»  және «Инновациялық мектептерді жобалау, мекеменің білім беру философиясын құру» мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.

Тренингтің негізгі контенті: мектеп директоры-мектеп ортасындағы барлық негізгі өзгерістердің басты бастамашысы.  Тыңдаушылар «Мектеп директорының ДНҚ, тиімді менеджер немесе мұғалім ретінде оның мектептегі рөлі?» тақырыбын талқылауға тартылды. Жергілікті қоғамдастық орталықтары, ашық мектептер сияқты мектептердің түрлі кейстерін қарастырып, жаттықтырушылармен позитивті білім беру жүйесіндегі халықаралық тәжірибені талқылап, мектеп директорының өмір философиясы арқылы Agile құндылықтарын қарастырды.

Заманауи тренингтерге қатысушылар құзыреттіліктің жаңа пакеттерін талқылау, рефлексия арқылы игерді. Асылбек Базарбайұлы мен Алмагүл Медихатқызы тыңдаушылардың назарын мектептің бақыты, амандығы, дамуы мектеп директорының жауапкершілігіне, философиясына байланысты екенін ерекше атап өтті. Мектеп директорының көшбасшылығы-бұл лауазым емес, бұл мысал және іс-әрекет.  Қазақстанда мектеп директоры әлі күнге дейін білім зерттеушілері үшін terra incognita болып қалады.  Мектеп директорлары өңірде, елде, әлемде табысты мектептердің кейстерін таңдауы, ресурстарды капиталдандыруы, пікір көшбасшыларына айналуы қажет.

 

 

 

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст