Мұғалім мамандығы білімді үнемі жетілдіруді, жаңартып отыруды, заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістерін қолдануды талап етеді. Мұның бәрі үздіксіз оқыту, біліктілікті арттыру кезінде ғана мүмкін.
Биыл Ақмола облысының 300-ден астам педагогі мен колледж басшылары «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбы бойынша оқытудан өтуде.
Біліктілікті арттыру курстарын облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Talap» КЕАҚ оқу-тренингтік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Курстарға қатысушылардың 108 сағаттық біліктілікті арттыру курстарында оқуға, оның ішінде 36 сағаттық өндірістік кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар.
Біліктілікті арттыру курстары барысында педагогтар келесі сұрақтарды талқылайды:
Курстың екінші аптасы практикалық болғаны педагогтер үшін қызықты және жаңа болды. Тәжірибе базалары ретінде «Жас маман» жобасына кіретін әлеуметтік серіктестер - кәсіпорындар немесе колледждер таңдалды.
Біліктілікті арттыру-педагогтерді кәсіптік оқытудың бір түрі, онда педагогтер өздерінің теориялық білімдерін, іскерліктері мен практикалық дағдыларын жетілдіреді.