2022 жылғы 19-20 мамырда Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында «Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас» атты республикалық жас мамандар форумын өткізді.
- Форумға Қазақстанның барлық өңірінен жас педагогтер, сонымен қатар Ақмола облысынан бес жас педагог қатысты.
- Секциялық жұмыста келесі педагогтер баяндама жасады:
- «Жарқайың ауданы Державинск қаласының Н.Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Манатов Аслан Айтжанович, шеберлік сағаттың тақырыбы: «Аутистік спектрі бұзылуы бар балалардың оқу қызметіне әлеуметтік-педагогикалық бейімделуін қалыптастыру»;
- «Зеренді ауданы Молодежное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Табысбек Үсен, шеберлік сағаттың тақырыбы: «Сөз өнері. Өлеңнің құрылымы туралы.
- Секциялық жұмыстың қорытындысы бойынша баяндамашыларға алғыс хаттар табыс етілді.
Барлық қатысушыларға республикалық форумға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.
Форумға қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!