«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациялау жағдайындағы өңірлік әдістемелік қызмет

20.05.2022

        2022 жылғы 20 мамырда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен "Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациясы жағдайындағы өңірлік әдістемелік қызмет" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты - әдістемелік қызметті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, білім берудің мазмұнды және цифрлық трансформациясы жағдайында өңірлік деңгейде әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда көп деңгейлі және кешенді тәсілдің мүмкіндіктерін зерделеу.   

          Ғылыми-практикалық семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Н.С. Пұсырманов,  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры Е.Ә. Жұмашов, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің профессоры, п.ғ.д., А.Ә. Жайтапова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Т.І. Ешенқұлов, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, ф.ғ.д. Е.Б. Саурықов, "Өрлеу" АҚ өңірлік кәсіби даму институтының, ПШО, республиканың өңірлік әдістемелік кабинеттерінің, орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, облыстың білім беру бөлімдері мен ұйымдарының басшылары, барлығы 180 білім қызметкелері қатысты.

         Семинардың пленарлық бөлімінде білім берудің жаңа тұжырымдамасын іске асыру жағдайында өңірлік деңгейде әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері мәселелері, сондай-ақ келесі онжылдықта әдістемелік қызметті жандандырудың өзекті аспектілері қаралды. Жамбыл облысында мектеп және педагогикалық білім беру сапасын арттыру бойынша табысты басқару тәжірибесі үшін жағдайлар мен ресурстарды үйлестіру мүмкіндіктері талқыланды.                                                                                      

Семинардың қорытынды бөлімінде еліміздің аймақтық әдістемелік қызметтерінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст