2019 жылғы 23 тамызда № 1 құрылыс-техникалық колледжінің базасында білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКОБ бөлім басшысының басшылығымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Күн тәртібінде ТжКБ ұйымдарының оқу үдерісін нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету, ТжКОБ дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру, заманауи білім беру технологияларын пайдалану, модульдік-құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру, WorldSkills стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды.
Кеңес WORLD CAFE форматында іскерлік және достық жағдайда өтті. Әр сұрақ жанды талқылау, көптеген пікірлер мен ұсыныстар тудырды.
Кеңес соңында мәселелерді талқылау бойынша жобалардың презентациялары таныстырылды.
Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Ақмола облысында колледж директорларының оқу, оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарларының ОӘБ құру және бірлескен жұмыстың әр түрлі бағыттарындағы қызметке бірыңғай тәсілдерді әзірлеу туралы шешім қабылданды.