«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәсіпкерлік негіздері» курстары

26.08.2019

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, өскелең ұрпақтың кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асырады.

2019 жылғы қыркүйектен бастап колледждердің жоғарғы курс студенттерін 36 факультативтік сағат көлемінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.

Кәсіпкерлік негіздеріне студенттерді оқыту үшін оқытушылар құрамын дайындау мақсатында Ақмола облысы «Атамекен» ҰКП ағымдағы жылғы             19-29 тамыз аралығында Көкшетау қаласындағы № 1 құрылыс-техникалық колледжінің базасында колледж оқытушылары үшін қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Курс бойынша оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген оқу материалдары негізінде бизнесті ашудың қажетті дағдылары мен тәсілдерін оқыту, сондай-ақ оқыту мақсаттарына қол жеткізуді бағалау жүйесінің тәсілдерін игеру көзделеді.

25 мемлекеттік колледждің экономикалық, заң, жалпы білім беру пәндері оқытушылары арасынан «Кәсіпкерлік негіздері» курсын өту үшін 49 оқытушыдан құралған топ құрылды.

Сабақты «Атамекен» ҰКП бизнес-жаттықтырушылары Малғаждарова Маржан Солтанқызы мен Ахметжанов Еркен Амангелдіұлы өткізеді.

 

 

Просмотров: 713


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст