Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті» КММ – де 2019 жылдың 27 тамыз күні Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог-психологтар жұмыс тобының отырысы өтті. Ақмола облысы білім басқармасының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 212 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес 12 адам қатысты. Аталған жұмыс тобы Ақмола облысының білім беру ұйымдарында психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің жұмыс істеуіне бірыңғай тәсілдерді әзірлеу және олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылды. Жұмыс тобы 2019 – 2020 оқу жылына арналған жұмыс регламенті мен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуге ұсынды. Облыстық білім беру ұйымдарының барлық педагог – психологтардың құжаттамасына талдау жүргізілді.