2015 жылы Қазақстанда алғаш рет жұмысшы мамандығы бойынша чемпионат өткізілді. Сол уақыттан бері Ақмола облысы WorldSkills қозғалысына белсене қатысып келеді және республика бойынша көшбасшылар үштігіне кірді.
Жыл сайын қатысушылар саны мен құзыреттер саны артып, сайыс жағдайлары жақсаруда. 2015 жылы өңірлік конкурсқа 6 құзыреттілік бойынша 42 қатысушы, 2022 жылы 350-ден астам қатысушы 66 құзыреттілік бойынша өз дағдыларын көрсетті.
Қазіргі еңбек нарығы жаңа жағдайларды талап етеді және жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы кеңеюде. Біздің шеберлер еңбек нарығын зерделеп, «Смарт агрономия», «Сити-фермер», «Өнеркәсіптік автоматика», «Сәнді киім мен аксессуарлардың дизайны», «Еден жабындарын төсеу», «Экскаваторды басқару» және т. б. сияқты аймақтық чемпионатқа кіретін жаңа құзыреттерді әзірлейді.
Жекелеген құзыреттер бойынша басқа өңірлерден өкілдер шақырылады. Биылғы жылы Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары колледждерінің 30-дан астам студенті «Құтқару жұмыстары», «Ветеринария», «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреттіліктері бойынша қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі студенттерге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің базасында «Сәндік-қолданбалы өнер» құзыреттілігі бойынша «Abilympics» кәсіби шеберлік конкурсы өткізілуде.
WorldSkills қозғалысының ажырамас бөлігі Junior Skills чемпионаты болып табылады. Ерте кәсіптік бағдарлау аясында кәсіби шеберлік конкурсына өнер, дизайн және IT бағыттары бойынша 11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.
Конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлік деңгейін бағалау үшін әлеуметтік серіктестер өкілдерінен 150-ден астам сарапшы тартылды. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, ақшалай сертификаттар табыстау дәстүрге айналды. Алдағы уақытта жеңімпаздарды ұлттық чемпионат күтуде.