Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! 1 қырқүйек – тек жаңа оқу жылының басталуы емес, сонымен қатар ұстаздардың, ата-аналар мен балалардың, достардың жылы жүзді кездесуі, қызыққа толы ерекше мереке күні. Бұл- таңғажайып білім әлеміне саяхат.
Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қонырау үні оларды қызыққа толы асуларға жетелейтін таңғажайып қадам. Түлектер үшін-өмірлік таңдау жасайтын кез болса, ұстаздар үшін-шығармашылық табысқа жаңа қадам, ал ата-аналарға мектеп өмірі мен жастық шақтың жылы естеліктері.
Жаңа оқу жылы нәрлі білім жаңалықтары мен қуанышты сәттерге толы болсын, қымбатты оқушылар! Білім алу жолында тоқтамаңдар! Биік белестерден көрініп, өнерлерің өрге ассын!
Құрметті ұстаздар! Сіздердің игі және ауыр еңбектеріңіз қоғамда құрметке ие, ол жоғары кәсібилікті, орасан зор рухани күш-жігерді, даналықты, шыдамдылық пен жігерді талап етеді. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл - күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!