«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы өзара іс-қимылы білім беру сапасын арттыру факторы ретінде

23.05.2022
  • Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша педагогтер қауымдастығымен бірлесе отырып 2022 жылғы 20 мамырда онлайн форматта «Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара іс-қимылы білім беру сапасын арттыру факторы ретінде» облыстық семинарын өткізді.
  • Семинар барысында тәжірибелі педагогтер ата-аналармен жұмыстың негізгі бағыттарымен, тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара іс-қимылы бойынша жұмыстың тиімді түрлерімен бөлісті, сондай-ақ педагогтерді, ата-аналарды және балаларды ортақ мүдделер негізінде біріктіру, тәрбие мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін балалардың проблемаларына ересектерді тарту бойынша мәселелер талқыланды.
  • Семинар жұмысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, меңгерушілері, тәрбиешілері, аудандық және қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
  • Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар талқыланып, қабылданды.
Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст