10.09.2019
2019 жылғы 10 қыркүйекте облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің әдіскерлері мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру және Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Бұланды және Астрахан аудандарына барды.
- 2019 – 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен білім басқармасының оқу - әдістемелік кабинетінің директоры Баймакова Жанаргүл Дәулетқызы таныстырды.
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Қажығалиева Шолпан Қалиқызы сөз сөйледі.
- 2019-2020 оқу жылында білім беру үдерісін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, жаңа МЖМБС және оқу жоспарларының ерекшеліктері, жаңартылған білім беру мазмұнның МЖМБС бойынша оқитын 10-сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, «АКТ» және «Информатика» оқу пәндерінің типтік оқу бағдарламасы бойынша оқытуға көшу кестесі, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәнін енгізу, АӘТД туралы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Бағаналинова Раушан Болатқызы сөз сөйледі.
Іс-шара соңында ағымдағы мәселелер талқыланып, қорытынды шығарылды.