2019 жылғы 11 қыркүйекте Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері үшін жемісті күн болды. Осы күні Аршалы және Шортанды аудандарының білім беру ұйымдары директорларының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасарларымен кездесу ұйымдастырылды.
Жұмыс сапары ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын белсенді талқылау күндері аясында өткендігі маңызды болды. Кездесу барысында семинар қатысушылары Президент Жолдауының маңызды бағыттарын талқылап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдісін көрсетті. Қазіргі жағдайда әлем тез өзгереді және педагогикалық қызметкерлер бір орында тұра алмайды. Олар жоғары білікті маман болу үшін, мектеп қабырғасынан мақсатқа ұмтылған, патриоттыққа қабілетті түлекті шығару үшін бәрін жасайды. Бұл ұмтылыс білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізумен артуда. Кезекті оқу жылының басында педагогикалық жұмыс туралы кең ақпарат алуға қызығушылық артты.
Үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары, үлгілік оқу жоспарларында қарастырылған оқу жүктемесін қысқарту, жетекші мектептердің жұмысы, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің жұмысындағы жаңашылдықтар, педагог мәртебесі бойынша түсіндірулер тыңдалып, кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасты, өз мектебінің жұмыс ерекшеліктері туралы айтты.
Сындалы диалог барысында білім беру процесінің барлық жаңалықтары назарға алынды, бұл міндетті түрде 2019-2020 оқу жылын сәтті аяқтауға әкеледі.