2019 жылғы 13 қыркүйекте облыстық оқу – әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің жұмыс тобы мемлекет басшысының Жолдауын және облыстың орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие процесінің мазмұнының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Целиноград және Қорғалжын аудандарына барды. Барлығы аудандардан 118 педагог қатысты.
Нұсқаулық - әдістемелік хатқа сәйкес «2019 – 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің инновациялық аспектілері, заманауи мектептің үрдістері мен ерекшеліктері, білім сапасын арттыру үшін мектепішілік бақылау мәселелерін практикалық шешу жөнінде облыстық оқу - әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, п.ғ.к. Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен, сондай - ақ жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Қажығалиева Шолпан Қалиқызы сөз сөйледі.
2019-2020 оқу жылында білім беру үдерісін нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету, жаңа МЖМБС және оқу жоспарлары, 10-сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, «АКТ» және «Информатика» оқу пәндерінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытуға көшу кестесі, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», АӘжТД оқу пәндерін енгізу мәселелерін жан-жақты қарастыру бойынша мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Бағаналинова Раушан Болатқызы сөз сөйледі.
Іс-шара соңында ағымдағы мәселелерді талқылау, шешу және қорытынды шығару өтті.