Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің жұмыс тобы №2 Жақсы орта мектебі базасында Мемлекет басшысының Жолдауын және орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын түсіндіру мақсатында Жақсы ауданының педагогтарымен кездесу өткізді. Барлығы 70 педагог қатысты.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Баймакова Жанаргүл Даулетқызы 2019-2020 оқу жылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау және оқу - тәрбие үрдісінің ерекшеліктері бойынша баяндама жасады. Тәрбие бөлімінің басшысы Кажигалиева Шолпан Қалиқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерін түсіндірді. 2019-2020 оқу жылында білім беру үдерісін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Баганалинова Раушан Болатқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында «АКТ» және «Информатика» оқу пәндерін үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытуға көшу, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндерін енгізу мәселелері, сондай-ақ ағымдағы мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша жеке кеңестер беріліп, ұсынымдар қабылданды.